Су тасқынынан зардап шеккен 432 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынынан зардап шеккен 432 отбасы баспаналы болды

29.05.2024

Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен 31 мыңға жуық отбасына 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем беру үшін 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мұны Премьер-Министр Мемлекет басшысына есеп беру барысында айтты. Олжас Бектенов тасқынның салдарын жоюға және зардап шеккен азаматтарды қолдауға бағытталған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. 30 мың 770 отбасы біржолғы төлем алған. Мал шығыны үшін берілген көмек көлемі 2 млрд теңгеден асқан. Ал 432 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сондай-ақ, Премьер-Министр қазір зардап шеккен азаматтарға арналған 2 мыңға жуық үй салынып жатқанын айтты. Сонымен қатар, баспанасын жөндеуге және қалпына келтіру үшін 3 мыңға жуық отбасына өтемақы төленген. Үкімет басшысының айтуынша осы күнге дейін тасқыннан зардап шеккен өңірлерде 15 мыңнан аса тұрғын үй тексеріліп, 11 мың 186 нысан бойынша бағалау жүргізілген.



Хабарламаларға жазылу