Жыл басынан бері елімізде 12 адам суға батып қайтыс болды. Оның екеуі - жасөспірім. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Ерасыл Сайпаш мәлім етті. Айтуынша, шомылу кезеңінде суға батуы жиі тіркелетін өңірлер - Ақтөбе мен Түркістан облыстары. Былтыр Ақтөбе облысында бір мезетте бірнеше адам суға кеткен 4 жағдай тіркелген. Салдарынан 9 адам қаза тапқан. Ал Түркістан облысында бір әулеттің 11 адамы суға батып кеткен еді. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін, мамандар суға шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуға кеңес береді. Яғни арнайы орындарда құтқару құралдарымен қоса, құтқарушы мамандар және медициналық пунктілер болады. Сондай-ақ суға түсуге рұқсат берілетін жерлер алдын ала тексеріліп, су адам өміріне қауіп төндіретін заттардан тазартылады.
Қаракөз Тұрмағамбет