Астанада бірегей сараптамалар жаңа орталықта жүргізіледі
Енді бірегей сараптамалар Астанадағы жаңа орталықта жүргізіледі. Қазақстан Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының жаңа ғимараты маусым айында толық жұмысын бастайды. Бұл туралы баспасөз туры барысында айтылды. Зертхана мамандарының айтуынша, мұндай жоғары мүмкіндіктегі зерттеу орталығы елімізде әзірге біреу. Жаңа ғимарат қоршаған орта объектілері мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштерін қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік береді.
Сәуле Шәріпова, ҚР ПІБ МО Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры:
Біздің мақсатымыз нақты әрі дәл зерттеу жүргізу. Қазір орталықта сегіз зертхана жұмыс істеп тұр. Олардың миссиясы - адам денсаулығына әсер ететін гигиеналық факторларға кешенді санитарлы-эпидемиологиялық сараптама жүргізу. Бұдан бөлек халықарлық зертханалармен бірге жұмыс істейміз. Бұл біздің кадрларымыздың біліктілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18