Құлсарыда тұрғындар үйлерін жөндеуді бастады
Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үйлерін жөндеуді бастады. 443 азаматқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін ал, 722 тұрғынға баспана сатып алуға мемлекет ақша бөлді. Бүгін жауапты мамандар техникалық зерделеу қорытындысын қайта қарауды бастады. Олар тұрғындардың өтініш бергендегі ескертулерін қапреге ала отырып, жұмыс істейді. Техникалық зерделеу маусымның 10-ына дейін аяқталады. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері қалада авариялық-құтқару жұмыстарын әлі жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 6 млн текше метрден астам су шығарылған. Тұрғын үйлер мен көшелерді дезинфекциялау жалғасуда.
Айтбай Шайпахов, Құлсары қаласының тұрғыны:Іші бітті, сырты қалды. Есіктерін ауыстырды. Бәрі ойдағыдай, жақсы.
Жанар Дюсупова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы:Қазір техникалық тексеру мен бағалау қорытындыларының 2583 қорытындысы келді. Оның 2556-сы тұрғындарға табысталды. 1594 тұрғынмен келісімшарт жасақталып, 1165 тұрғынға қаржысы аударылды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22
3 жылда 40 мың тұрғын жаңа баспанаға көшіріледі
23.07.2026, 20:06
Құрылтай – Ата Заңды жүзеге асырудағы маңызды қадам
23.07.2026, 20:05
Партиялардың бюллетендегі реті жеребе тарту арқылы анықталды
23.07.2026, 20:04
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды
23.07.2026, 20:02
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26