Стамбұлда белсенді қазақ студенттерінің слеті өтті. Түркияның 15 қаласынан жиналған жастар атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарларды пысықтады. «Бірлік» қазақ жастары ұйымын жетілдіріу жолын айтып, өз араларынан белсенділерді сайлады. Жиында жастарға өзге мемлекетте жүру тәртібі мен Түркияның шетелдіктерге қатысты заңдары түсіндірілді.
Нұрасыл Балташ, «Бірлік» жастар ұйымының төрағасы:
Құрылтаймыз өте керемет деңгейде өтті. Біз алдағы уақытта көп жоспар құрдық. Сол жоспарлармен жұмыс жасаймыз. Біз мақсат қойып алдыға жылжудамыз.
Ұлмекен Тоқтасын, Студент:
Түрлі Түркия қаларының студенттерімен таныстық. Біраз қазақтарды көріп танысып бірлігімізді жарастырып жоғары нәтижелерге жеттік деген ойдамыз. Біз әлі де өте көп жұмыс істейтін боламыз. Бүкіл қазақтардың басын қосып. Ұйымдасып жақсы жетістіктер көрсетеміз деген ойдамын.
Айдос Әшім