Нью-Йоркта қазақ этно музейі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркта қазақ этно музейі ашылды

28.05.2024

АҚШ-та қазақ этно-музейі ашылды. Мұражайға мұрындық болған Нью-Йорк қаласында кәсіп істеп жүрген қазақ азаматтары. Америкадағы қазақ музейімен танысып қайтқан меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тарқатсын.

Қазақ этно-мұражайы Нью-Йорктің ең ірі әкімшілік орталығы Бруклинде орналасады. Ұйымдастырушылар алғашқы күні көрермен көп келетін болғандықтан ашылу салтанатын осындағы саябақта өткізді.

Назар Әли Бименов, Кәсіпкер:

Нью Иорк қаласы бойынша тұрақты болады. Қазір ол шаралар атқарлып жатыр. АҚШ бойынша өз шаруашылығымнан екі спринтер көлігін бөлдім. Жылжымалы көшпелі мұражай болады.

Қазірдің өзінде этно мұражай қорына қазақтың салт дәстүрін паш ететін және тұрмыс тіршілігінде қолданған ондаған зат жиналған. Ер тоқым, қамшы, садақпен қатар қымыз піскен күбі бар. Тіпті, он тоғызыншы ғасырға тиесілі келсапты да көруге болады.

Нәсіп Хазиева, Мұражайға келуші:

Мына жерде ескі көне аспаптар бар. жетіген, қобыз мынаумен қалай ойнайды деп асықтарды да көріп жатыр осында туған қазақтың балалары. Қолмен ұстап көзбен көріп.

Бақболат Ақылбаев, Мұражайға келуші:

 Ата бабамыздан келе жатқан киіз үй, садақтарымыз бар. Бір жағынан тамашалауға, екіншіден тарихты көзбен көріп жатыр. Соған қуаныштымыз.

Этно-мұражайды экспонаттармен толтыру ұдайы жалғасады, - дейді ұйымдастырушылар. Оның ішінде Қазақстаннан арнайы киіз үй де алдыртып жатса керек.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу