Бельгияда сүт өндірушілер ереуілге шықты
Еуропада фермерлердің ереуілі толастар емес. Бірнеше елдің сүт өндіретін шаруалары Брюссельде наразылық акциясын өткізді. Жасанды сиыр жетектеген фермерлер Еурокомиссия ғимаратынан Еуропарламентке дейін барып, «сүт өнімдерінің құны» туралы заң қабылдауды талап етті. Қазіргі сүттің бағасы пайда таппақ түгілі, өндіріс шығынын да ақтамайды, - дейді фермерлер.
Марк Колвей, Сүт өндіру компаниясының директоры:
Бәрі қымбаттап жатыр, тек сүттің бағасы ғана көтерілмейді. Өнімдерімізді өзіндік құнынан да төмен бағаға сатуға мәжбүрміз. Шығынға әбден баттық.
Мари Готье, Фермер:
Сүт өндіру тиімсіз боп кетті. Сүт өндірушілерді қорғамаса, ЕуроОдақ тұрғындары сапасыз сүт тұтынатын болады.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08