Паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты басталды
Астанада паралимпиадалық боччадан Қазақстан чемпионаты басталды. Ашылу рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев пен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты. Бұл жолғы жарыста жекелей сыннан бөлек алғаш рет командалық және жұптық сайыстар болады. 12 өңірден келген 90-ға жуық спортшы бақ сынайды. Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ұлттық құрамаға іріктеліп, қарашада Бахрейнде өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:Спортшыларымыздың кәсіби деңгейі өсіп, шеберліктері шыңдалып келеді. Аз уақыттың ішінде бұл спорттан жарық жұлдыздарымыздың шыққанына және әр жарыс сайын қатысушылардың қатары көбейіп келе жатқанына қуаныштымын. Біз баршаңызды мақтан тұтамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда инклюзияны дамытуға үнемі баса мән беріп келеді. Біздің жетістіктеріміз – осындай қолдаудың және үлкен команданың бірлескен жұмысының нәтижесі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04