Ақтөбе облысының Қобда ауданында құрылыс жұмыстары екі айда аяқталады
Ақтөбе облысының Қобда ауданында тасқыннан зардап шеккендерге 150 үй салынуы керек. Қазір 116 үйдің құрылысы басталды. Аудан орталығының бір шеті үлкен құрылыс алаңына айналған. Мұнда 15 компания жұмыс істеп жатыр. Жауапты мамандардың айтуынша, барлық жұмыс 2 ай ішінде толық аяқталуы тиіс.
Нұржан Шадияров, мердігер мекеме өкілі:
«СтройМакс» компанияның технадзорымын. Қазір Қобдадамыз. Менің қарайтыным 89 үй. Бір үйдің төбесін жауып жатыр. Қалған үйлердің материалдары толық, жұмыс жүріп жатыр.
Мұғалжар ауданында да құрылыс қарқынды. Мұнда 76 үйге су кірген еді. Оның 54-і тұруға жарамсыз. Олардың орнына дайын баспаналар сатып алынып жатыр. Қазірдің өзінде 15 отбасы қоныс тойын тойлады. 800 үйге күрделі жөндеу жүргізу үшін - 17 млн 500 мың теңге берілген. Екі ауылда жаңа баспаналардың құрылысы басталды.
Бекболат Құлмағамбетов, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары:
Жағабұлақ ауылында 9 үй, ал Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр. Су тасқыны кезінде өлген малдарды өтеу бойынша жұмыстар жүруде. Бүгінгі күнге 6 млн 200 мың көлемінде төлемдер төленді. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12
Астанаға 6 айда 830 мың турист келген
22.09.2026, 20:11
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 20:09