Абай облысында 65 медициналық нысан салынады
Бородулиха ауданының дәрігерлері науқастарды тозығы жеткен ғимаратта қабылдап жатыр. Ауылдағы мед пунктерге салынғалы бері бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жергілікті билік өкілдері медициналық нысандарды жаңартуға қаражат сұратқандарын айтып отыр. Бұған шамамен 400 млн теңге керек. Биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бойынша Абай облысында 65 медицина нысаны бой көтермек.
Руслан Кибке, тұрғын:
Емаханалар тозып тұр. Кеңес дәуірінен бері ештеңе жөнделмеген. Мәселені шешу үшін әрбір елдімекенде, ауылдық округте жаңа амбулатория салынуы керек.
Талғат Молдабеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Ескірген ғиамараттардың орнына 65 жаңа нысан салынады. Оның 10-ы дәрігерлік амбулатория, 15-і фельдшерлік-акушерлік бекет және 40 медициналық пункт. Қазір 51 нысан бойынша мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қараша айында аяқталуы шарт.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15