Ташкентте жылу желілері толықтай жаңартылады
Ташкентте жылу желілері толықтай жаңартыла бастады. Ауқымды жобаға 1,5 млрд доллар жұмсалмақ. Нәтижесінде жылумен қамту сапасы артып, ауаға тарайтын лас қалдықтар азаяды. Қаладағы жылу жүйесі алпыс жылдай бұрын 1 миллион адамға шақтап салынған. Әбден тозығы жеткен құбырларда соңғы кездері апат жиілеп кетті. 3 миллионнан астам тұрғыны бар шаһарда қыстыкүні энергетикалық дағдарыс орын алып келеді. Бұл бастама экологиялық тұрақтылыққа жол ашып, газ, су мен энергияны үнемдеуге де сеп болады. Ал жөндеу жұмыстары барысында қазылған асфальт жолдар жылдам жөнделіп, көлік қозғалысына кедергі келтірмеудің барлық амалы қарастырылып жатыр, дейді жауапты мамандар.
Хусан Хожихонов, Махалла басшысы:
Асфальт жабындысы төселіп, бір жағынан жолдарды да кеңейтіп жатырмыз. Бұл тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға септігін тигізіп, көлік қозғалысына да аса қолайлы болады. Жол жиегіндегі тротуарлар да жаңаланып қалды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Онкологиялық орталықтарда ашық есік күні өтеді
26.03.2026, 20:59
Наурыз мейрамы тойланды
26.03.2026, 20:57
Наурыз-думан сән-салтанатпен аталды
26.03.2026, 20:54
5000 адам «Ақбұлақ» әнін бір мезетте орындады
26.03.2026, 20:52
Алматыда бірлікті бейнелейтін арт-нысан ашылды
26.03.2026, 20:48
«SuperStar KZ» қайта оралды
26.03.2026, 20:47
ӘЧ: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар бақ сынап жатыр
26.03.2026, 20:45
Премьер-министр елдегі ең ірі электр станциясының құрылысымен танысты
26.03.2026, 20:16