Шымкентте 200-ден астам кәсіпорын мен мекеме бос жұмыс орындарын ұсынды
Шымкентте жоғары білімді мамандардың қатары 6 мыңға тарта жас маманмен толыққалы отыр. Осыған орай, арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып, 200-ден астам кәсіпорын мен мекеме бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге биыл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін бакалавриат бойынша бітіргелі отырған 5 000 студенті пен 900-дей магистранты қатысты. Шарада әсіресе техникалық мамандықтар мен құрылыс, білім саласына қажетті мамандарға сұраныс жоғары болды. Былтыр осындай еңбек жәрмеңкесі нәтижесінде осы оқу орнын бітірген түлектердің 87 пайызы жұмысқа орналасқан.
Даниал Базылжанов, университетті бітіруші:
Қазіргі таңда жұмыс беруші органмен сөйлестім. Қандай бағыт бойынша бітіруші қандай тәртіппен жұмысқа орналасатыны туралы сұрадым. Өзіме керек ақпаратты салдым. Оқу бітірген соң құжаттарымды сол жерге тапсырып көрсем деген ойдамын.
Қайрат Нұрманбетов, университет ректорының міндетін атқарушы:
Қазіргі кезде дуалды оқыту жүйесімен оқып жатқандардың көпшілігі жұмыспен қамтамасыз етілген. Білім саласы бойынша бітіріп жатқандардың көпшілігіне сұраныс бар. Құрылыс саласы бойынша да сұраныс жоғары.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04