Павлодарда көтергіш кранның екі машинисі күйіп қалды
Павлодардың іргесіндегі Ақсу ферроқорытпа зауытында оқыс оқиға болды. Нөмірі 6-шы цехта ыстық металл құйылған шөміш жарылып көтергіш кранның екі машинисі күйіп қалды. Екеуі де әйел адам. Оң жақ қолынан жеңіл жарақат алған науқастың бірі ауруханадан үйіне қайтарылды. Ал 25 жастағы күйік шалған кран жүргізушісі бүгін түнде Ақсу қалалық ауруханасынан санитарлық авиациямен Павлодар қаласының нөмірі 1-ші ауруханасына жеткізілді. Денесінің 79%-ын күйіп қалған. Қазір жансақтау бөлімінде. Өкілетті органдар өндірістегі апаттың себебін анықтап жатыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02
Шығыста қар жауып, жолдар жабылды
21.10.2026, 13:00