Жамбыл облысында құрылысына 300 млн теңге қаржы жұмсалған спорт кешені әлі күнге аяқталар емес. Жуалы ауданы орталығындағы жастарға арналған нысан екі жыл бұрын бітуі тиіс болған.
Алайда, спорт сарайының құрылыс тоқтап, қазір қараусыз қалған. Қоршауы құлап, қақпасы қирағандықтан жарық сымдары да қолды болған. Тұрғындардың айтуынша, мердігерге құрылысты аяқтауға қаржы жетпеген. Тұрғындар қыруар ақша жобаға жетпей қалуы мүмкін емес дейді. Өйткені, сметалық жоба жасалғанда құрылыс заттарының бағасы алдын ала есептелетінін айтады.
Исламбек Дастан, тұрғын:
Сараптамадан өткенде алдағы 3 жыл құны қымбаттайды, өседі деген бағамдармен өлшеніп беріледі. 8 ба, 10 ба сондай спорт кешен бірдей жұмысын бастаған етін. Бірақ тура осы тұрып қалды. Бұл жерде тап-таза лоббизм жатыр.
Әкімдік мердігер құрылысқа бөлінген қаржынының 270 млн теңгесін игеріп, тастап кеткенін растады. Қосымша қаржы ретінде, 70 млн теңге сұраған. Ақша аударылмаған соң, нысанды аяқтамайды. Іс сотқа жетіп, компания жеңілген. Мердігер 40 млн теңгеге жуық қаржы төлеуге міндеттелген. Жобаны ары қарай өзге компания жалғастырмақ.
Асхат Жабағы, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары:
Жаңа мердігерге ешқандай қаржы берілген жоқ! Бұл өз қаржысы есебінен жасап беріп жатыр. Толық аяқталғаннан кейін, біз төлеп беретін боламыз. Осы қыркүйек айының ортасында бұл мердігер толық аяқтап береді.
Данияр Әлімқұл