Түркі мемлекеттері ұйымының сот жүйесі біріздендіріледі
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер сот саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді. Ыстамбұл қаласында ұйымға мүше елдердің Жоғары сот кеңесі төрағаларының жиыны өтті. Басқосуда тараптар түркітілдес елдердің сот істерін жүргізу жұмыстарын біріздендіру, осыған қатысты заңдарды ратификациялау мәселесін көтерді. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше 5 ел мен бақылаушы 3 елдің өкілдері әр мемлекеттің сот жүйесіндегі ерекшеліктерге тоқталды. Екі күндік жиынның соңында бірлескен іс-қимыл жөніндегі декларацияға қол қойылды.
Денис Шипп, Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы:Жоғары сот кеңесі төрағаларының мұндай кездесуі алғаш рет 2015 жылы өткен болатын. Араға тоғыз жыл салып қайтадан жиналып отырмыз. Бір-бірімізбен пікір алмасып, өзге елдердің тәжірибесін алу үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Бұдан былай жыл сайын ұйымға мүше бір елде осы тектес жиын өткізіп тұруға уағдаластық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауызсу мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55