Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Алматыда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың туғанына 80 жыл толуына орай, өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Қайсар тұлға, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Ол еліміздің сол кездегі бас қаласы – Алматының бірінші әкімі болды. Алып шаһардың дамып, гүлденуі үшін аянбай еңбек етті. Кейін Мәжіліс депутаты, Алматы облысының әкімі, Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы болды. Біртуар тұлға, тұтас ұлтты ұйыстырып, мемлекеттілікті нығайтуға, аумалы-төкпелі қиын кезеңде, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосты. Президент тапсырмасымен Заманбек Нұрқаділовтің құрметіне орай оның туған жері Алматы облысының Кеген ауылында ескерткіш ашылмақ.
Қайрат Нұрқаділов, З.Нұрқаділовтің ұлы:Осы үйде әкем тұрды, осы үйде әкім болды. Қазір менің анам тұрып жатыр. Немерелері келеді. Көршілер қалды. Құрманғазы көшесін әкем өзі жақсы көретін. Кейде жұмысына жаяу баратын. Сондықтан осы үйге қоямыз деп шештік.
Нұрлан Оразалин, ақын, Мемлекет және қоғам қайраткері:Халыққа, ұлтқа қатысты мәселе тұрған жерде ойланбай баратын, осындай қайсар мінезімен біздің тарихымызға кірген санаулы саңлақ тұлғалардың бірі – Заманбек. Міне, Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы шешімге баруы бұл халықтың көкірегінде жүрген ойдың дөп басып ұстауы. Халық осындай шыншыл, осындай қайраткер тұлғасының, Алаш бітімді, Алаш ойлы, бір көсем мінезді ұлдарының бірінің тұрған үйіне тақта орнатқанына қуанады, шексіз қуанады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49