Татарстан ЖОО-да Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы ашылды
Татарстандағы Қазан федералдық университетінде Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы ашылды. Осыдан он жыл бұрын Астанада Қаюм Насыри орталығы өз жұмысын бастаса, енді Қазан қаласында да қазақтың ұлы классигінің атындағы аудитория бар.
Абайдың ұлы мұрасын зерттеп, шығармаларын насихаттау басты мақсат. Орталыққа келушілер ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдарды, белгілі абайтанушылардың зерттеулерімен таныса алады. Жалпы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының еңбектері әлем тілдеріне аударылуы тиіс, сондықтан татар халқы ақынның шығармаларын ерекше ілтипатпен оқиды,- дейді мамандар.
Альфия Юсупова, Профессор, Қаюм Насыри институтының директоры:
Бірнеше елде Абай орталығы бар. Осыдан он жыл бұрын Қазанда да осындай бір орталық болса деп, жоспарлаған едік. Бұл орталық ең алдымен Татарстан тұрғындарының арасында қазақ мәдениетін насихаттайды. Қазақ тілі де оқытылады. Сондықтан үйренем, келем дегендерге есігіміз айқара ашық.
Бүгінгі күні Абай орталығына келетіндердің қарасы қалың. Себебі жергілікті қазақтармен қатар өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін үйренгісі келеді. Қазақ ақындарының шығармаларын, халық ертегілерін аудару ісі де жанданбақ.
Гүлфия Гайнуллина, Қазан федералды университетінің доценті:
Соңғы уақытта қазақ әдебиеті, фольклорына сұраныс жоғары, сондықтан көптеген шығармалар татар тіліне аударылуда. Бұл екі туыс халықты жақындыра түсетіні сөзсіз. Осыдан екі жыл бұрын біз Мұхтар Әуезовтың үш шығармасын өз тілімізге аударып, оқырмағна ұсындық. Абай шығармалары да сұранысқа ие. Сондықтан ұлы ақынның еңбектерін аударуды жалғастырамыз.
Сонымен бірге республикада дәстүрлі түрде Абай оқуларын ұйымдастыру жоспарда бар.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05