Қазақстандықтарға жұбайының рұқсатынсыз несие берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға жұбайының рұқсатынсыз несие берілмейді

23.05.2024

Қазақстандықтар енді жұбайының рұқсатынсыз несие ала алмайды. Мәселені бүгін Сенат депутаттары талқылады. Қаралған заң жобасы қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайтуға бағытталған. Құжат негізінде микрокредиттік ұйымдардың беретін қарызына шекті пайыздық мөлшерлеме бекіту көзделген. Несие рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүргізу міндеттелмек. Жалпы жаңа заңда алаяқтарға барынша қарсы тұру тетіктері қарастырылған. 2026 жылға дейін проблемалық несиелер коллекторларға сатылмайды.

Ал егер тұрғын банк алдындағы қарызын 90 күннен артық төлемесе, оған басқа несие мүлде берілмейді. Заңды сенат толықтырып, өзгерістерді мәжілістің қарауына қайтарды.

Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары

Банктер, микроқаржы ұйымдары әскери қызметкеріне автоматический отсрочка береді. Ол әскери қызметінің мерзіміне, автоматический отсроча бьереді. Қосымша Сенатор депутаттардың ұсынысы бойынша қосымша 60 күн қосылады. Біз оны жалпы қолдаймыз. 


Хабарламаларға жазылу