Ақмола облысында қорадағы малды жабайы иттер қырып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында қорадағы малды жабайы иттер қырып кетті

23.05.2024

Ақмола облысының Станционный кентінде бұралқы иттер қорадағы қойға түскен. Екі күнде оннан астам малды қырып кеткен. Оқиға орнына ветеринарлар жіберілді. Олар малға шапқан иттерді іздестіріп жатыр. Мамандар жабайы жануарлардың қораға түсуі жиілегенін растап отыр. Жыл басынан бері дәл осындай 6 оқиға тіркелген. Көшедегі қаңғып жүрген бұралқы иттер адамға да шаба бастаған. Жыл басынан бері 500-ге жуық адамды ит қапқан.

Қайрат Дәлешов, Ауыл тұрғыны:

Былтыр даладан шабатын болса, далада өлтіріп кетеді. Табыннан келе жатқанда немесе қараусыз қалған малдарды өлтіретін болса, биыл қорадағы қоршаудың астынан қазып кіріп, кеше бір үйден сегіз бас, бүгін, міне, бір үйден үш бас қойды қырып кетті.

Талғат Жүнісов, Облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Ит, мысықты қаңғырса да оны өлтіруге біздің құқығымыз жоқ. Заң бойынша. Ол дегеніміз оны зарарсыздандырамыз, стерилизация, кастрация соның бәрін жасаймыз. Содан кейін оларды базаға кіргізіп, қайтадан жүрген жеріне жіберуіміз қажет.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу