Жезқазған қаласында төрт айда 12 сәби шетінеген
Жезқазған қаласында төрт айда 12 сәби шетінеген. Дәрігерлер нәрестелердің өлімі аурудың асқынуы мен ауруханаға кеш жеткеннің кесірінен, - дейді.
Алайда кейбір ата-аналар бұған медицина қызметкерлерінің салғырттығы себеп болды деп отыр. Шетінеген шақалақтардың көбі пневмониямен ауырғаны анықталды.
Нұргүл Талғатбекова, Шетінеген сәбидің туысы:
Дәрігерлердің салғырт қарағанын байқадық. Себебі телемедедцина қайтыс болған күні таңертең ғана жүргізілді. Сол кезде дозасының көп екенін, кеш хабарласып тұрғанын айтты. Сол үшін біз дәрігерлердің салғырттығынан деп отырмыз.
Дегенмен, биыл нәресте өлімі азайды, - дейді мамандар. Мәселен, былтыр 4 айда 19 бала шетінеген. Қазір сәби өлімі дерегі бойынша 3 қылмыстық іс тіркелді.
Еркебұлан Бейсембаев, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Науқастардың өліміне әр түрлі фактор әсер етеді. Біріншіден, түскен науқастардың ауырлығына, екіншіден, дәрігерлердің жіберген қателігіне байланысты. Қазір осы жағдай бойынша сапаны бақылау комитеті біздің облысты тексеріп жатыр.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03