Атырау облысында ауылға төнген қауіп сейілді
Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылында қолдан төселген дамбаны су бұзып, тұрғындар эвакуацияланған болатын. Қазір қауіп сейілді.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:
Жалғансай ауылында түнде бөгет бұзылып, сирена іске қосылған болатын. Тұрғындар түгел эвакуацияланды. 200-ден астам адам мектеп пен аудан орталығына көшірілді. Қалғандары туыстарының үйіне жеткізілді. Су бұзып кеткен дамба түнгі төрттер шамасында қалпына келтірілді. Оған 900-ге жуық қызметкер мен 100-ден астам техника жұмылдырылды. Тұрғын үйлер мен нысандарға су кірмеген, ешбір адам зардап шеккен жоқ. Барлық коммуникациялық желі қалыпты жұмыс істеп тұр. Қазір қалыпқа келтірілген бөгет қосымша нығайтылып жатыр. Тасқын қаупі сейілді. Енді эвакуациялық пунктерге орналастырылған халық үйлеріне қайта бастады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17