Жетісу облысындағы Қызылағаш су апатына биыл - 14 жыл. 45 адамның өмірін қиған алапат тасқыннан кейін бұл елді мекен бірден қалпына келтірілді. Гуманитарлық көмек жиналып, 600-ден астам үй жаңадан бой көтерді.
Жәмилә Қасенова Қызылағаш апатынан кейін алғашқы үйлер ауылда небәрі 19 күнде салынып бітті, деп еске алады. Тасқынның тауқіметін көзбен көріп, жүрекпен сезген ауыл тұрғыны батыстағы халықтың жағдайын жақсы түсінеді. Елдің бірлігі мен биліктің жедел әрекетінің арқасында баспанасы қалпына келіп, дүние-мүлкі де түгенделген.
Жәмилә Қасенова, Қызылағаш ауылының тұрғыны:Апат болған елге енді сабырлық тілейміз. Еңбастысы сабырлы болу керек. Естіп көріп жатырмыз. Біздің басымызға түскен жағдай ол кісілердің басына да түсіп жатыр. Өте қиын.
Баспанадан бөлек сол кезде әр шаңыраққа 10 қой мен бір сиыр немесе жылқы да берілді. Әлеуметтік нысандар да қалпына келтіріліп, көшелер абаттандылып, сол кезде отырғызылған көшеттер қазір жайқалып өсіп тұр. Мемлекет үй салып бермей қаржылай ғана көмектессе Қызылағаш бүгінгідей құлпырмас еді дейді - ауыл тұрғыны.
Серік Дәрменов, Қызылағаш ауылының тұрғыны:Далада тастаған жоқ. Бәрің алты айда кдүзге дейін кіресің деді. Үй салып берді. Бәріміз кірдік. Енді былай Үкімет солай салып бергені дұрыс қой. Әркімге ақшаны қолға берсе үй сала ма білмеймін. Ақша деген су сияқты. Ұсталып кетеді.
Жалпы Қызылағаш ауылында 498, Ақтоған ауылында 107 үй жаңадан салынып, 10-нан астам баспана күрделі жөндеуден өтті. Баспана көтеруге сол кездегі ірі құрылыс компаниялары түгелдей ат салысты.
Нұрлан Досмақов, Қызылағаш ауылдық округінің әкімі:Салыну сапасы өте жақсы. Ауылымыз қазір шағын несиелер алады. Несие алғанда кепілге жақсы болып жатыр. Біздің ауылымыздың үйлері өте жақсы бағаланады.
14 жылда ауыл халқының саны аса қатты өзгере қойған жоқ. Сол 2700 тұрғынның айналасы дейді әкімдіктегілер. Ең бастысы ел бірлігінің арқасында Қызылағаш ауылы Қазақстан картасында қаз қалпында.
Қуаныш Қанатұлы