Жамбыл облысында сауда үйі отқа оранды
Жамбыл облысы Қордай ауылында сауда үйі отқа оранды. 500 шаршы метр аумақтың тең жартысына жуығы түгі қалмай жанып кетті. Қызыл жалын шарпыған нысанның басым бөлігі дәмхана болған. Алдымен асханада тұтанған от жапсарлас жатқан тұрмыстық тауарлар тұрған дүкендерді де шарпыған. Өршіген өрттен кейін 5 павильонның қаңқасы ғана қалған. Тұрғындардың айтуынша, өрт сөндірушілер кешігіп келген. Ал құтқарушылар хабарлама кезекші бөлімге жарты сағатқа кеш түскенін айтады. Қоңырау түсісімен оқиға орнына 6 минутта жеткен.
Алмас Жұматаев, Жамбыл облысы тжд басқарма басшысы:
Сағат 06:40 минутта толық сөндірілген. Өрт сөндіруші бөлімшелерінің қызметкерлерінің шұғыл және сауатты әрекеттерінің арқасында жақын тұрған ғимараттарға өрттің өтуіне жол берілмеген. Өрттің шығуы себебі мен материалдық шығыны қазіргі уақытта анықталуда. Оқиға орнына анықттаушы мен өрт-сынақ зертханасы жолданды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыУчаскелерде мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасалған
15.03.2026, 10:15
Н.Ілиясов ауылының диқандары дауыс берді
15.03.2026, 10:12
Павлодар облысында 521 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
15.03.2026, 10:09
14 380 азаматымыз шетелде дауыс береді
15.03.2026, 10:06
ТЖ министрі таңдауын жасады
15.03.2026, 10:03
ЖИ және цифрлық даму министрі дауыс берді
15.03.2026, 10:00
Кореяда жүрген жерлестеріміз де дауыс беріп жатыр
15.03.2026, 09:12
Референдумда 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады
15.03.2026, 09:12