«Ұлы дала жорығы – 2024» Үшінші жарыс күні аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала жорығы – 2024» Үшінші жарыс күні аяқталды

22.05.2024

«Ұлы дала жорығы 2024 марафон бәйгесінің үшінші жарыс күні аяқталды. Шабандоздар бұл жолы Шідерті мен Торғай ауылдарының арасында жалғасқан 100 шақырымдық межені бағындырды. Күн санап жарыс жолындағы аттардың саны да азайып барады. Үшінші жарыс күнінде күтпеген жағдай болды. Алғашқы кезеңнің жеңімпазы Шығыс Қазақстан облысының командасы аламанды осы жерден тоқтатты. Олар 250 шақырымды бағындырғанымен, әрі қарай жарысты жалғастыру мүмкін болмады.

Аттың күшін сақтап 5 шабандозы да түгел келе жатқан командалар бар. Солардың бірі - Жамбыл облысының Әулие ата командасы. Тараздың тарланбоздары асықпай арбамен қоян алуды жоспарлап отыр.

Ал үшінші күннің қорытындысы бойынша, Жетісу облысы бірінші келсе, Маңғыстау облысы мәре сызығын екінші қиды. Алматы қаласының жігіттері үздік үштікте. Енді алда шабандоздарды 200 шақырымға созылатын соңғы 2 кезең күтіп тұр.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу