Парламент Сенатында Палата жанындағы Сарапшылар клубының отырысы өтті
Парламент Сенатында Палата жанындағы Сарапшылар клубының отырысы өтті. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен кездесуде қатысушылар елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түрікменстандағы өкілі және белгілі экономистер қатысты. Жиында Дүниежүзілік банктің баяндамасында айтылған зерттеу нәтижелері талқыланды. Сарапшылар экономикалық ынталандырудың баяулауы, экономикалық теңсіздік, жалақының төмендігі сияқты мәселелерге баса назар аударды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Мемлекет басшысы Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл құжат жеке меншікке қолсұғылмаушылықты, жеке кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін және мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқартуды қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі таңда еліміздің алдында 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайтуға қатысты ауқымды міндет тұр. Сондықтан бүгінгідей жаһандық тұрақсыздық жағдайында экономиканы дамытудың жаңа, стандартты емес тәсілдерін табу аса маңызды.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05