Азық-түлік экспортында шағын және орта бизнестің үлесі артқан
Азық-түлік экспорттанда шағын және орта бизнестің үлесі артқан. Былтыр шикізаттық емес экспорт бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті. Шикізаттық емес тауарлардың экспорттық позицияларының саны 278-ге өсті. 2019 жылдан бастап тұрақты белсенді экспорттаушылар саны 300 компанияға артқан. Экспорт географиясы 135 елге дейін кеңейді. Ал, мыс, мырыш, күміс, мұнай өнімдері сияқты өнеркәсіптік тауарлар бойынша жеткізулердің төмендеуі байқалды. Бұған сыртқы факторлар әсер етіп отыр. Министрдің айтуынша, агроөнеркәсіп кешені бойынша өңделген өнімдерді жеткізудің нақты көлемі артқан.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:Атап айтқанда ұн – 1,1 пайызға, күнбағыс майы – 55,5 пайыздан астам, сусындар – 42,8 пайызға өсті. Азық-түлік экспорты ерекше маңызды, өйткені азық-түлік экспорттаушылардың 80 пайызы шағын және орта бизнес субъектілері.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09