Алматыда бокстан халықаралық турнир басталды
Алматыда бокстан халықаралық турнир басталды. Жарыс Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Сайыста 150-ге жуық спортшы бақ сынайды. Халық қаһарманын еске алуға арналған турнирге қатысушылардың басым көпшілігі – әскери сала қызметкерлері. Олар AIBA бокс федерациясының халықаралық қағидасы бойынша жекпе-жекке шығады. Сайыста 48 келіден бастап 92 келіден жоғары салмақтағы былғары қолғап шеберлері бақ сынайды. Сондай-ақ, жарыста еліміздегі белгілі спорт майталмандары мен алыс-жақын шетелден келген бапкерлер төрелік етеді. Жеңімпаздар 25 мамырда анықталады.
Арман Әбеуов, ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің төрағасы:Жарыстың ерекшелігі биыл 7 мемлекет осы біздің жарысқа қатысып жатыр. Және де Қазақстан Республикасының аймағынан 21 құрама командасы қатысып отыр. Осындай жарыстың арқасында бізде спортшылардың жаңа аттары шығып жатыр, армия спортшыларымыздың жаңа аттары шығып жатыр.
Рауф Айдынов, бапкер /Әзербайжан/:Бұл турнирге бірінші рет қатысып отырмыз. Сайыста Әзербайжан елінен екі спортшы рингте өздерінің бағын сынайды. Мен алып келген екі спортшы да мықты, дайындығы жақсы. Жоғары нәтиже күтеміз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16