Аграрлық ғылымды дамыту бойынша арнайы қор құрылады
Аймақтарда аграрлық ғылым дамымай – агросала алдыға баспайды. Таразда Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтіп, өңірлік ғылымды дамыту мәселелері қозғалды. Бүгінде барлық өңірде ғылым бағыты бойынша небәрі 25 пайыз қаржы бөлінеді. Ал Жамбылда қаражат көлемін арттыру үшін қосымша қор құрылмақ.
Ғалымдардың көшпелі отырысында еліміз бойынша өңірлік ғылым өркендемей жатқаны сынға алынды. Базалық және гранттық қаржыландырудың 75%-ы Астана мен Алматыға бөлінетіні айтылды. Ғалымдардың да 65%-ы да осы екі қалада. Ал аймақтар мамандарға мұқтаж, қомақты қаржыдан қағылып жатыр.
Ақылбек Күрішбаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті:Әкімдіктерде ғылымға жауап беретін тұлғалар жоқ. Қызметкерлер жоқ. Ешкім қарамайды. Ғылым өзімен өзі, ғалымдар өңірлерде қандай мәселе бар екенінен хабарсыз. Ал енді жергілікті бизнес ғалымдардың мүмкіншілігін білмейді. Міне осы мәселені шешуіміз керек. Осының бәрін ұйытқы болатын, басқаратын дамыған елдер сияқты біздің әкімдер болуы қажет.
Ғалымдарды Жамбылда тұқым сапасын жақсарту жолға қойылып келе жатқаны қуантты. Өйткені өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 60% егістікке тиесілі. Биыл облыс бюджетінен тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ал себілетін дәнді селекциялау мақсатында арнайы тәжірибелік алқап құрылған.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:Демонстрациялық алқаптарды жасау ұсынысы менің ойымша біздің облыстағы ғылымды дамыту мәселесіне үлкен серпін береді деп сенеміз. Біздегі шаруалар өндіретін тұқымдар сапалық сипаттамасы бойынша шетелдік баламаға сай келмей жатады. Тұқымды өсіріп қана қоймай, оны әрі қарай өңдеп, сатылымға шығару мәселесін де қолға алған жөн.
Енді аймақта аграрлық ғылымды дамыту мақсатында облыс әкімдігі жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңес құрылмақ. Ал қаржы көлемін арттыру үшін алда арнайы қор ашылады.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30