Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Онда: «Иран президенті мен осы елдің Үкімет делегациясы мүшелерінің қазаға ұшырауы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға. Біз оны парасатты басшы, беделді саясаткер, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер ретінде әрдайым есте сақтаймыз, -деп жазды Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Мен халқымның атынан қайғырып көңіл айтамын. Президент Ибрахим Раиси нағыз мемлекет қайраткері еді. Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде оның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға қосқан үлесі зор екенін атап өттім. Әрі Раисидің Қазақстан мен Иран арасындағы ынтықтастықты нығайтудағы ықпалын да жоғары бағалаймыз.
Али Акбар Джоукар, Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Елшісі:Осылай елшілігімізге келіп көңіл айтқаныңыз үшін алғысымыз шексіз. Президент Раиси Қазақстанмен арадағы қатынастарды бауырлас әрі достық байланыс деп сипаттаған еді. Әрине, қазір ауыр кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бірақ екіжақты байланыстарымызды әрі қарай да нығайтуымыз маңызды. Тағы да алғыс айтып, еліңізге бейбітшілік пен өркендеу тілеймін.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әзербайжан Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 09:13
Қаза тапқан әскерилердің отбасына Halyk қоры қолдау көрсетеді
25.09.2026, 09:12
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 09:04
Әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр
25.09.2026, 09:02
Қанат Бозымбаев жоғалған әскери қызметшілерді үздіксіз іздеуді тапсырды
25.09.2026, 08:39
Оқу-жаттығу кезінде 12 әскери қызметші қаза тапты
25.09.2026, 08:37
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
25.09.2026, 08:37
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11