Атажұртқа оралған қандастар жерді кедергісіз ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атажұртқа оралған қандастар жерді кедергісіз ала алады

21.05.2024

Оңтүстіктен солтүстікке көшкен ағайынға жер байқаусыз беріледі. Атажұртқа оралған қандастар да телімді кедергісіз ала алады. Ал еліміздің шекарасын енді қылмыскерлер аттап баса алмайды. Нақты айтсақ, терроризм, экстремизм мен жасөспірімдерге жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған өзге елдің азаматтары Қазақстанға кіргізілмейді. Олар үшін шекара жабық. Бұл халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған қадам. Сондай-ақ, қандастарға және халық аз қоныстанған елдімекенге көшіп барғандарға берілген субсидия қаражатын ешбір банк бұғаттай алмайды. Көші-қонға қатысты заңға осындай өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құжаттың қабылдануына ат салысқан Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы жаңа заң халықтың мүдесі жұмыс істейді деп сенім білдірді. Және ол бұған дейін жер телімдері ешуақытта байқаусыз берілмегенін атап өтті.

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Конкурссыз негізде ауылшаруашылық мақсатындағы 5 жылдық жалдау құқығымен келесі бір азаматқа иеленусіз жер беріледі. Жер телімдерін алуға құқығы бар азаматтардың. Халық тығыз орналасқан өңірлерден Үкімет белгілеген өңірлерге көшіп баруына үлкен қолдау болып отыр.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу