Елімізде 3,5 мыңнан астам оқушы емтиханнан босатылды
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 9 мемлекеттік орган бірлесіп, республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Бұл туралы бүгін үкіметте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады. Бұдан бөлек, оқу жылының аяқталуы туралы да оң ақпараттар бар екен. Қазір Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр. Азамат, мына мәселені айтасың ба, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға қандай да бір жеңілдік пен көмек бар ма?
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы , аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Яғни, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Жалпы, биылғы оқу жылын 3 млн 800 мың оқушы аяқтағалы отыр. Енді жазғы демалысқа ойыссақ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 3800-ден астам бала сауықтыру орталықтарына жолданатынын айтты. Қазірдің өзінде 628 бала демалып жатыр екен. Сонымен бірге, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқушыларына, халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көп балалы отбасынан шыққан ауыл балаларына басымдық беріледі. Биыл елімізде 10 мыңнан астам демалыс орнында 3 млн-ға жуық бала жазғы демалысын өткізеді,-деді министр.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04