Қарқаралыда туристік нысандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралыда туристік нысандар көбейді

21.05.2024

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында бірнеше туристік нысандар бой көтермек. Тау баурайындағы 75 гектар жерге және Үлкен көл жағалауына жаңа демалыс орындарын салу жоспарланған. Одан бөлек бизнес бастаушыларға да қолдау көрсетілмек.

Қарақаралы қаласының маңында тұрған мына 3 глэмпинг былтырдан бері туристердің сүйікті демалыс орынына айналған. Жас кәсіпкер Айжан Оңғарбай келушілердің көптігіне байланысты, эко-туризм бағытындағы демалыс орынын үлкейтуді жоспарлауда. Бүгінде шағын кәсібімен 20-дан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бес адамның айлығы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Айжан Оңғарбай, жас кәсіпкер:

Көптеген туристер Қарақаралының табиғатына қызығып келеді. Эко-туризм, себебі, табиғатқа зияны жоқ. Тоқпен жұмыс істейді. 4 мезгілде де туристерді қабылдайды. Қыста, жазда, көктемде. Табиғатқа да, адамдарға да зияны жоқ.

Өлке туризмі өңірдің негізгі табы көзіне айналуы керек. Осы тақырып кәсіпкерлер форумында талқыланды. Жүзеге асырылып жатқан ерекше жобалардың бірі - қала маңындағы тоған жағалауын абаттандыру. Қазір жоба 80 пайызға аяқталған.

Дархан Дәуренбеков, мердігер:

Бұл жерде келген қонақтарға демалатын орын болады. Беседкалар, пирс, сондай шомылып демлауға жақсы орын болмақ. Қайықпен жүзсе де болады. Пирстың ар жағында қайық станциясының орыны.

Жандос Бақытұлы, тілші:

Мыны 70 гектардан асатын таулы өлкеде түрлі туристік нысандар ашылмақ. Солардың бірі, мына жерге, шаңғы базасы салынбақ. Одан бөлек тау жотасына аспалы жол ашылмақ.

Қазір бұл маңға әлеуетті инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүруде. Содан кейін жобалық сметалық құжаттамалары дайындалады. Егер туристік аймақ ойдағыдай аяқталса жиһангездер ең көп келетін орынға айналмақ.

Әділжан Арғынов, Қарқаралы ауданының әкімі:

Қарқаралымызда үлкен көл аймағы бар. Қазіргі облыстық басқарма арқылы су қорғау аймағы бекітлуде. Бекітілгеннен кейін өзіміздің кәсіпкерлерге жер беріп, демалыс аймағына айналдыру жоспарда бар.

Бүгінгі таңда Қарқаралыда 40-қа жуық демалыс орыны жұмыс істеп тұр. Ел Президенті өңірге келген сапарында Қарағанды мен Қарқаралы аралығындағы тас жолды жөндеу туралы тапсырма берген болатын. Қазір жол картасы бекітіліп, реупубликалық маңызы бар жолдың 53 шақырымы жөнделуде.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу