Қыркүйекке жоспарланған Digital Bridge 2024 халықаралық форумы өтпейтін болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік ақшаны үнемдеу үшін халықаралық форумды өткізуден бас тартқан. Ведомство мұндай шешімді Президенттің тиісті тапсырмасынан кейін қабылдаған. Қатарынан 6 жыл бойы ұйымдастырылған форум IT индустрияның соңғы тенденциялары мен даму перспективаларын талқылауға арналған. Ол бүгінде Орталық Азиядағы ең ірі алаңға айналды. Цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub халықаралық технопаркі форумға қатысуға мүдделі барлық адамдарға алғыс білдіреді. Министрліктің ақпаратынша, Digital Bridge халықаралық IT форумы өз жұмысын 2025 жылы қайта бастайды.
Динара Жарқынбек