А.Байтұрсынов жайлы жаңа фильм жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Байтұрсынов жайлы жаңа фильм жарық көрді

20.05.2024

XX ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының аса көрнекті көшбасшыларының бірі – Ахмет Байтұрсынов жайлы жаңа фильм жарыққа шықты. «Соңғы үкім» деп аталатын кинокартина ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына арналған. Қоғам қайраткерінің өміріне қатысты елеулі оқиғалар баяндалған туындының жабық көрсетіліміне қатысқан тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұр. 
 Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ағартушы, педагог, ғалым әрі Алаш қайраткері – Ахмет Байтұрсынов туралы түсірілген тарихи драманың алдын ала көрсетілімі өтіп жатыр. Ұлт ұстазының ерен еңбегі мен өмір жолын бір фильмге сыйғызу мүмкін емес, сондықтан шығармашылық ұжым 126 минуттық туындыда дара тұлғаның тағдырына әсер еткен елеулі оқиғаларды баяндауға тырысқан. Бұған дейін де Ахмет Байтұрсынов жайлы біршама фильмдер түсірілді. 
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Фильмді тамашалаған көрермен тұтас бір ұрпақтың сауатын ашып, елінің азаттығы үшін күрескен Ахмет Байтұрсынұлының қандай ғұмыр кешті, оның 6 рет абақтыға қамалып, екі мәрте жер аударылып, екі рет өлім жазасына кесілуінің сыры неде деген сұраққа жауап алады дейді шығармашылық ұжым өкілдері. Туындады басты рөлді есімі елге белгілі актер Азамат Сатыбалды сомдайды. Одан бөлек фильмде Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатып сынды нар тұлғалардың образы кездеседі. Оларды Еркебұлан Дайыров пен Айдар Наурызбаевтар сомдайды. Мәдениет және ақпарат министрілігінің тапсырысымен және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен жарық көрген туынды 23 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрермен назарына ұсынылады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу