«Қазақстан халқына» қоры Ақтөбе облысында 80 үй салады
«Қазақстан халқына» қоры Ақтөбе облысының Ырғыз және Құмсай ауылдарында тасқыннан зардап шеккендерге арнап 80 үй салып береді. Бұл туралы облыс әкімдігінің өкілдері хабарлады.
Жалпы өңірде 650 шамасында баспана тұрғызылады. Мәселен Қобда ауданында жұмыс екі апта бұрын басталды. Қазірдің өзінде қажетті құрылыс материалдары үздіксіз тасымалданып жатыр. 24 үй Жарық ауылынан салынуы тиіс. Дегенмен тұрғындардың кейбірі дайын баспаналарды сатып алуға өтініш білдіріп отыр. Олардың талап-тілегі де барынша ескеріледі. Жалпы облыс бойынша бүгінге дейін екінші нарықтағы 28 баспана сатып алынған. Оның көбі – Әйтеке би ауданында. Мұнда қазірдің өзінде 13 отбасы қоныс тойын тойлап үлгерді.
Берік Сейілханов, Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы:Жаңадан салынып жатқан 29 үйдің жетеуі басталды. Фундаменттері құйылып, біреуі төбесіне дейін көтеріліп тұр. Осындай жұмыстар жүруде. Ауданда 151 тасқыннан зардап шеккен азаматтардың өтініші қабылданды. Оның 117-сі бір реттік жәрдемақыға ие болды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08