Олжас Бектенов әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын жылдамдатуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Бектенов әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын жылдамдатуды тапсырды

20.05.2024

 Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарының барысы жөніндегі тапсырмаларын орындауға қатысты кеңес өткізді. Су тасқынының қауіпті кезеңі артты қалды. Қазір Атырау облысында Жайық өзеніндегі судың қауіпті деңгейінің сақталуына байланысты су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған байланысты облыс әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі ахуал туралы баяндады. Жағалауларды нығайту үшін бөгеттерінің бойында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Бүгінге дейін ел бойынша 26 651 отбасы 10 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған. Суға кеткен малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек көлемі - 1,3 млрд теңгеден асты. Жалпы зардап шеккен өңірлерде 11 мыңнан аса тұрғын үй тексеріліп, 8 мыңға жуығына бағалау жұмыстары жасалды. Сонымен қатар 891 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіру үшін өтемақы алды. 239 отбасы қираған баспанасының орнына пәтерлер мен үйлерге ие болды. Қазір зардап шеккен азаматтарға 794 жаңа үй салынып жатыр. Олжас Бектенов әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын жылдамдатуды тапсырды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу