Ақтөбе облысындағы Құйылыс ауылын су шаю қаупі бар
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданына қарасты Құйылыс ауылын су шаю қаупі бар. Бұған дейін тұрғызылған бөгетті су шайып кеткен.
Ырғыз өзені арнасынан асып, су ауылдың іргесіне жеткен. Қазір елдімекенде қалған ер адамдар, әскерилер мен құтқарушылар судың жолына тосқауыл қойып жатыр. Бұған дейін өңірде қатты жел тұрып, қатты толқынның салдарынан бөгеттің үстінен екенші бетке су өтіп кеткен. Елдімекенге 11 техника жұмылдырылды. Бұл ауылдың тұрғындары бір ай бұрын Ырғызға эвакуацияланған еді. Аудан бойынша барлығы 144 үйге залал келді.
Нұрлан Қызбергенов, Ырғыз ауданының әкімі:
Оған қарамастан қазір сол жерден ұзындығы 2 км болатын бөгеттерді бастап кеттік. Бүгінгі күні әлі жел толастамай тұр. Бірақ толқын кешегідей қатты емес. Судың деңгейі соңғы 13-15 күн бір деңгейде ұстап тұр. Судың көтерілуі немесе түсуі он бес күннен бері байқалып тұрған жоқ.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17