Қазақстан-Малайзия: Қай салаларда байланысты жандандыруға болады?
Қазақстан мен Малайзия құны 500 миллион доллардан асатын инвестициялық келісім-шарттар жасауға ниетті. Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим елімізге ресми сапар жасаған, сол кезде айтылды.
Қай салаларда байланысты жандандыруға болады? Қандай бірлескен жобаларды іске асыра аламыз?
Пандемия кезінде сауда-саттық көлемі азайған, былтыр көрсеткіш жақсара түсіпті. 250 млн доллар. Біз Малайзияға негізінен мұнай, металл мен бидай сатамыз. Импорт – электронды,өндірістік және медициналық қондырғылар, кофе мен пальма майы.
Қазір екі елдің азаматтары мен бизнесмендері 30 күндік визасыз режимнің және тікелей әуе қатынасының игілігін көріп отыр. 500-ден аса қазақстандық студент Малайзия университеттерінде білім алады. «Олар екі ел арасындағы «алтын көпір» қызметін атқаратыны сөзсіз» деді мемлекет басшысы. Сонымен бірге елімізде малайзиялық 30 компания жұмыс істеп жатыр. Көбеюі мүмкін. Қазақстан-Малайзия бизнес форумында құны 500 миллион болатын инвестициялық келісімдердің контуры сызылды. Негізінен тау-кен өнеркәсібі, IT, туризм салаларына қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді астана әуежайынан өзі шығарып салды. Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты сол күнгі туған күнімен құттықтады.
Айтпақшы Ануар Ибрагимнің сапары Орталық Азия елдеріне турне – бізге Бішкектен келді, бізден кейін Ташкентке барды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сенат бұралқы иттерге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды
30.04.2026, 20:04
Алматыдағы жол апаты: Тергеу алдағы екі аптада аяқталады
30.04.2026, 20:04
Ормуз дағдарысы Орта дәліздің маңыздылығын арттырды
30.04.2026, 20:00
Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельмен сұхбат
30.04.2026, 19:58
Президент Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
30.04.2026, 19:57
Президент Ресейдің сыртқы істер министрін қабылдады
30.04.2026, 19:56
Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасын қабылдады
30.04.2026, 19:55
Елордада «Astana Winner» халықаралық көрмесі өтеді
30.04.2026, 17:33