Исламдық банктер қазақстандықтарға да қызмет көрсетеді
Бұдан былай Астана халықаралық қаржы орталығына тіркелген исламдық банктер қазақстандықтарға да қызмет көрсете алады. Қаржы орталығы Ұлттық банк және Қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірге валюталық актіге өзгерту енгізді. «Ақорда» арнайы жобасына берген сұхбатында орталықтың басқарушысы Ренат Бектұров осылай мәлімдеді. Малайзия Қазақстанмен бірлесіп ислам қаржы нарығын дамытуға ынталы. Қазір Астана халықаралық қаржы орталығында Амани Адвайзерс, Сиэс Кюло секілді малайзиялық компаниялар табысты жұмыс істеп жатыр.
Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
Малайзия мен Қазақстан арасындағы қатынастың үлкен потенциалы бар деп ойлаймын. Бұл ислам қаржысы яғни шариғатқа сай қаржы нарығын дамытып жатқан институттар. Енді АХҚО тіркелген исламдық банктер, қаржы ұйымдары бізде алған лицензиясы арқылы соның ішінде қазақстандықтарға да өз қызметін көрсете алады.
Сұхбаттың толық нұсқасын ертең, яғни жексенбі күні 20:50-де «Ақорда» арнайы жобасынан көре аласыздар.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09