Қостанай облысының Жангелдин ауданында 41 үйдің құрылысы жүріп жатыр
Қостанай облысының Жангелдин ауданында 41 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 19-ы Көлқамыс, 22-сі Тәуіш ауылынан бой көтереді. Аумағы 80 шаршы метр, сонымен қатар он сотық жері бар. Бұл үйлер тасқынның салдарынан баспанасыз қалғандарға беріледі. Үйлердің салынатын орны иелерімен келісілген. Құрылысты «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырып отыр. Жердің шалғайлығына байланысты әр үйдің өзіндік құны 29,5 млн теңге деп бағаланған. Бұл елді-мекендер облыс орталығынан 600 шақырымнан аса қашық.
Жансая Сүйінғарина, Көлқамыс ауылының тұрғыны:Көптеген құрылыс компаниялары өз материалдарын алып келіп, жұмысты бастап кетті. Болашақта жаңа үйдің иесі атанатынымызға өте қуаныштымыз. Қиындықтың бәрі артта қалсын. Ел аман, жұрт тыныш болсын.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01
Жамбыл облысының жолдарын қысқа дайындап қойды
22.10.2026, 13:00