Атырау облысында Оралға қатынайтын күре жолға су жайылды. Қазір қозғалыс уақытша тоқтатылды. Көліктер Ортақшыл ауылындағы көпір арқылы қатынап жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:Тасқыннан қауіп сейілер емес. Бүгін Индер ауданында су деңгейінің түскені байқалады. Бұған дейін кірме жолды су басқанын хабарлаған едік. Осыған орай елдімекендермен қатынас үшін қайық тасымалы іске қосылды. Ал Махамбет ауданында жағдай қиын. Гидробекеттегі Жайықтың деңгейі 988 см-ге жетті. Қауіпті деп белгіленген 40 аймақта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Әр 300 метр сайын кемі 3 кезекшіден қызмет етуде. Атырау қаласында да су шекті деңгейден асты. Мамандар тасқынға қарсы қамданып жатыр. 250 шақырымнан асатын бөгеттерде жауапты мамандар су деңгейін бақылап отыр. Енді соңғы ахуалды қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтан білейік.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы су басқан нысандарды бағалау жұмыстары әлі жүріп жатыр. 2920 үй мен әлеуметтік нысанның 2906-сы құрғатылған. 2667 үйге техникалық зерттеуден өтіп, 2622 үй бағаланды. Тасқыннан зардап шеккен 3904 тұрғынға 1,5 миллиард теңгеге жуық бір реттік әлеуметтік көмек берілді. Қазір арнайы мамандар әр тұрғынның үйіне барып, кезең-кезеңімен техникалық зерделеу және бағалау жұмыстарының қорытындысымен таныстырып жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт