Қызылордада жыл басынан бері 12 бала терезеден құлаған
Қызылордада жыл басынан бері 12 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оқыс жағдайдың үшеуі кеше болды. Жасөспірімдер аман, қазір ауруханада жатыр. Алты жасар ұл мен жеті жастағы қыз бала үйде ойнап жүріп үшінші қабаттың балконынан құлаған. Ал үш жасар сәби бірінші қабаттың терезесінен жерге ауып кеткен.
Олжас Құрбанбаев, травматолог-ортопед дәрігер:Осындай биіктіктен құлап, жарақат алған науқастар саны өте көптеп түсуде. Жыл басынан бері ауруханамызға 12 бала келіп қаралды. Өкінішке орай соның бірі реанимация бөлімшесінде бір ауыр жағдайда, бас-ми жарақатымен өте ауыр жағдайда жатыр.
Жалпы жазда көпқабатты үйлердің терезелері ашық тұрады. Көбінде арнайы қорғаныш темір жоқ. Ал шыбын-шіркейді ұстайтын тор балаға қорған бола алмайды. Мәселен былтыр 34 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап жарақат алса, екеуі көз жұмған. Сондықтан мамандар көпқабатты үйлердің тұрғындарына кішкентайларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Жанболат Бақбергенов, Облыстық ТЖД бас маманы:Ата-аналардың назарына балаларды терезенің алдына ойнатпауды, сонымен қатар терезелердің москитный торларына сенбеулеріңізді, темір торлармен бекітпелерді нығайтуды сұраймыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экологиялық әдеттер бала кезден басталады
04.03.2026, 20:56
«Қазгидромет»: 5 өңірде тасқын қаупі жоғары
04.03.2026, 20:24
Референдум: Ашықтық пен заңдылық – басты назарда
04.03.2026, 20:22
Алимент шет елде жүрген борышкерлерден де өндіріледі
04.03.2026, 20:21
Геосаяси жағдай Қазақстан-Иран саудасына әсер етуі мүмкін
04.03.2026, 20:16
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдады
04.03.2026, 20:15
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесті
04.03.2026, 20:14
Телекөпір арқылы жаңа Конституция жобасы талқыланды
04.03.2026, 20:13