Биыл бес айдың ішінде адам өлтіргені үшін 171 адам сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл бес айдың ішінде адам өлтіргені үшін 171 адам сотталды

13.05.2024

Ауыр қылмыс бойынша статистика бір түсіп, бір көтеріліп тұр.

Мәселен 2018 жылы адам өлтіру фактісі бойынша 376 іс тіркелсе, 2021-де 227-ге дейін төмендеген. Бірақ бір жылдан кейін адам өлтіргендерге қатысты қайта 290 қылмыстық іс қозғалған. Ал былтыр 168 іс болғанымен, биыл бес айдың өзінде 171 факті тіркелді.

Бас прокуратураның дерегінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны азаймай тұр. Мәліметтерге қарағанда елімізде орта есеппен жылына 80 әйел күйеуінің немесе бұрынғы күйеуінің қолынан қаза табады.

Осындай жаға ұстатарлық оқиғаладың бірі - 2022 жылы Қызылордада болған еді. Туған күнін тойлап жатқан Ажар Шәдиеваны күйеуі аяусыз соққыға жыққан. Үш баланың анасы кейін көз жұмды.

Қоғамда қызу талқыланғанған тағы бір қанды қылмыс та - 2022-де болған еді. Алматылық заңгер Айман Асановаға бұрынғы күйеуі 18 жерінен пышақ сұғып, өлтірген. Бұл қылмысы үшін Талғат Нұртаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Заңгерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаның күшейтілуі мұндай қылмыстардың алдын алуға сеп болады деп отыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу