Сот Қуандық Бишімбаевқа үкімді алқа билермен ақылдаса келе шығарды. Сотқа 10 алқа би қатысқан болатын. Заңгерлердің айтуынша, кеңесу кезінде олардың әрқайсысы «Қуандық Бишімбаев кінәлі ме?», «кінәсі дәлелденді ме?» деген сияқты сұрақтарға құпия түрде жауап береді. Кейін сол дауыстарға қарай судья үкім шығарды. Еліміздің сот процестеріне алқа билер 2007 жылдан бері қатысып келеді. Заңға сәйкес 25 пен 65 жас аралығындағы азаматтар алқа би бола алады. Олардың әлеуметтік жағдайы, жынысы, нәсілі мен ұлты маңызды емес. Бастысы соттылығы жоқ, әрекет қабілетті, психикалық ауытқушылығы жоқ азаматтар болуы тиіс.
Алқа билер негізінен электронды түрде іріктеледі. Бірақ мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері алқа би бола алмайды. Заңгерлер процестердің ашық, әрі әділ өтуі үшін алқа билер сотын жетілдіре түсу қажет, - дейді.
Бақтияр Бүлеулиев, заң ғылымдарының докторы, профессор:
Біріншіден, сот әділді болады. Екіншіден, әртүрлі жаңағы коррупциялық жоқ болады. Үшіншіден сотқа деген сенімді арттыратын бір құрал деп есептеуге де болады.
Досжан Маратұлы