Алпинистер 4 мың метр биіктікті бағындырды
Алматыда Жеңіс күніне арналған альпиниада өтті. Шыңды бағындыру үшін альпинистер таңғы 5:00-5:30-да Медеу шатқалына жиналды. Қатысушылар Шыңбұлақтан бастап, Мыңжылқы шатқалы мен Мәметова асуынан асып, 4 метр биіктіктегі Батыр-Панфиловшылар шыңына шықты. Шараға 500-ден астам альпинист қатысты. Олар белгіленген межені 5-6 сағатта еңсерді.
Ада Молгачева, ұйымдастырушы:
Бұқаралық шараға мыңнан аса адам тіркелді. Альпиниадаға қатысушылардың қауіпсіздігін басты назарда ұстадық. Себебі, арамызда кәсіби мамандармен қатар әуесқой альпинистер де бар. Жыл сайын жастардың қызығушылығы артып келетіні қуантады.
Ахмет Махамбетов, қатысушы:
Тауға шығу маған өте керемет, денсаулығыма пайдалы. Апта сайын шығып тұруға тырысамын. Қызым да шығады. Тауға шығып жүргенімізге сегіз жылдан асты.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01