Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында тасқыннан зардап шеккен 8 отбасы үйлі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында тасқыннан зардап шеккен 8 отбасы үйлі болды

13.05.2024

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында тасқыннан зардап шеккен 8 отбасы баспаналы болды. Олардың үйлері тұруға жарамсыз болып қалған еді. Жалпы аудан бойынша150-ге жуық арыз түскен. Тұрғындардың өтініші негізінде құрылған комиссия әр үйге техникалық бақылау жүргізді. Нәтижесінде 48 үй жарамсыз болып шықты. 21 отбасы екінші нарықтағы дайын пәтерлерді сатып алуға ниет білдірген. Осы аптаның соңына дейін тағы 8 адам баспаналы болуы тиіс. Қалғандарына жаңадан үй салынады.

Гүларай Төреғалиқызы, Т.Жүргенов ауылының тұрғыны:

Жаңа қонысқа көшіп келіп жатырмыз. Үйдің іші өзімізге ұнады, өзіміз таңдап алдық. Мектептен келіп, қол көмектерін беріп, аудан әкіміміз бар, сол ағай келіп, көмек көрсетіп, су тасқынынан кейін де көмек көрсетіп, далада қалдырмаймыз деп. Бір реттік болса да көмек берді, оған заттарымызды алып алдық, суға кетіп, жарамсыз болып қалған заттарымызды.

Талдысай ауылындағы Щербаковское бөгеті қайта салынатын болды. Бұл гидротехникалық құрылым тасқын кезінде жарылып, нөпір су Темірбек Жүргенов ауылына жайылған еді. Кейін осы оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Енді бөгеттегі су қоры көбейтіліп, жаңа шлюздер салынады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу