Атырау облысы Махамбет ауданында құлаған бөгеттер жаңартылып жатыр
Атырау облысы Махамбет ауданындағы тасқын судың қаупі басым елдімекендердің бірі- Талдыкөл ауылы. Бекітілген жаға қатты ағыспен келген нөпір суға шыдамай, опырылып құлап жатыр. Жайық өзені ернеуінен асып, жайылмаға жайылған. 4 шаруа қожалығындағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір әскерилер бөгеттерді қайта тұрғызуда. Бұған 25 техника жұмылдырылған. Егер, су келе қалса, эвакуациялық пункттер мен тұрғындарды тасымалдау үшін автобустар сақадай-сай, дейді округ әкімі.
Сейілбек Зұлқашев, Бейбарыс ауылдық округінің әкімі:
Эвакуациялау орны Талдыкөл орта мектебі болып белгіленді. Сол мектепке күні бүгінге жағдайлар жасалды. Егер де судан қауіп төнген жағдайда штабтың шешімімен қалаға көшіреді халықтың бәрін. Сол жерден тіркеу жұмыстары жүргізіледі.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09