Шығыс Қазақстанда биыл 29 миллион көшет егіледі
Еліміздегі жалпы орман қорының төрттен үш бөлігі шығыс өңірінде өседі. Алайда соңғы жылдары алапат өрттің салдарынан өсім тежеліп қалды. Сондықтан биылдан бастап Президент тапсырмасына орай, облыста көгалдандыру мен орман қорын толықтыруға ерекше басымдық беріледі. Осы мақсатта «Жасыл аймақ» бағдарламасы қабылданды. Тек Асубұлақ орман шаруашылығына 22 мың көшет егілді. Экологиялық акцияға Өскемен, Риддер, Ұлан, Алтай, Глубокое аудандарынан 100-ден аса ерікті атсалысты. Өртеніп кеткен 6 гектарға жуық алқапқа қарағай егілді. Көктемгі сенбілік кезінде жалпы өңірде 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Оған 80 мыңға жуық адам қатысты.
Айдос Әділбеков, волонтерлер орталығының жетекшісі:
Енді бұл акцияның мақсаты – қоршаған ортаны әрмен қарай көгалдандыру, көшеттер санын ұлғайту. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы тапсырмасы бар, сол тапсырма аясында, қайталап айтайын, биыл өңірімізде 29 миллион көшеттер отырғызылатын болады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15