Байден Израильге қару-жарақ беруді тоқтатуға дайын екенін ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Израильге қару-жарақ беруді тоқтатуға дайын екенін ескертті

10.05.2024

Израиль Газа секторының Рафах қаласында құрлық операциясын бастайтын болса, АҚШ бұл елге қару-жарақ тасымалын тоқтатуға дайын. Ақ үй басшысы Джо Байден осылай деп мәлімдеді. Бұған қоса, АҚШ президенті Израиль америкалық қаруды Газаның бейбіт тұрғындарын өлтіруге қолданғанын да мойындады. Мұны «Би-Би-Си» мәлімдеп отыр. Вашингтон бұған дейін Израильге мыңдаған бомба беруді тоқтатты. Ал Израиль премьері Биньямин Нетаньяху: «ел жалғыз күресе алатынын мәлімдеді. Қажет болса, израильдіктер тырнағымен де соғысады»,- деді. АҚШ- пен басқа да мемлекеттердің наразылығына қарамастан, Израиль Рафахта әскери операция жүргізу райынан қайтпай отыр. Қаланы ХАМАС-тың соңы бекінісі деп есептейді. Бұған дейін Израиль әскері Рафахтағы бақылау-өткізу пунктін бақылауға алған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу