Атырауда «Қарттарым, аман-саумысың?!» атты «Нұр Отан» партиясының акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Қарттарым, аман-саумысың?!» атты «Нұр Отан» партиясының акциясы басталды

29.09.2017

«Қарттарым, аман саумысың?!». Осындай атаумен Атырауда «Нұр Отан» партиясының акциясы басталды. Партия өкілдері алдымен облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өркендеуі жолында еңбек еткен Құмар Темірташевты қарттар күнімен құттықтады. Қарияға  кәде-сый табыстап, жекеменшік емдеу мекемесінің қызметін тегін пайдалануға мүмкіндік жасап берді. Бұдан соң, партия мүшелері қарттар үйінің тұрғындары 96 жастағы қария, соғыс ардагері Николай мен Людмила Славовтарға да арнайы барып, сый-құрмет көрсетті.

 

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу